Жезқазғанда жалған ақша айырбастаған күдікті ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жезқазған тұрғындары белгісіз ер адамның жалған ақша айырбастап жүргені туралы полицияға шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

10 наурызда Жезқазған полициясына 56 жастағы әйел хабарласып, Орталық базарда белгісіз ер адам ақшасын ұсақтап беруін сұрап 10 000 теңгелік жалған купюраны бергені туралы айтқан. Бұл факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 231-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.

11 наурызда тағы бір тұрғын жалған ақша алып, зардап шеккені туралы өтініш жазған.

Полицияның жедел әрекеттерінің нәтижесінде Жезқазған тұрғыны ұсталды. Күдікті айыбын мойындап түсініктеме берген. Оның үйін тінту кезінде 200 доллар (100 долларлық купюралармен) және 49500 теңге (500, 1000, 2000, 10000 және 20000 теңгелік купюралармен) табылған.

Қазіргі кезде тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар