Жезқазғанда кітапхана директоры ұлына заңсыз жалақы төлеп келген

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Прокурорлар ұлын жұмысқа орналастырып, оған заңсыз жалақы беріп отырған «Жезқазған қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директорын бюджет қаржысын жымқырғанын әшкереледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жезқазған прокуратурасы Жезқазған қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Орталықтандырылған кітапханалар жүйесін тексеру барысында бюджет қаржысын негізсіз жұмсап, иемдену фактісін анықтады. Тексеру көрсеткендей, директор өзінің ұлына 2016 жылдың шілдесінен желтоқсанына дейін заңсыз жалақы төлеп келген. Оның сомасы 469 мың 860 теңгені құрайды», - деп түсіндірді Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Нұрлан Абжанов.

Прокурорлар тексеру материалдарын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы органдарына берді. Директорға қатысты ҚР ҚК 189-бабы 3-тармағы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жезқазған қалалық сотының судьясы әйелді 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Бұдан бөлек, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар