Жезқазғанда автобустағы өртті сөндірмек болған кондуктор мен жүргізуші күйіп қалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жезқазғанда 1994 және 1995 жылғы қоғамдық көліктің жүргізушісі мен кондукторы автобуста шыққан өртті сөндірмек болып жүріп күйіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жүргізуші мен кондуктор  «ПАЗ» автобусын жөндеп жатқан кезде көліктен өрт шыққан. Оның неден шыққаны белгісіз. Оның бірінің денесінің 95 пайызы күйіп, тырысып қалған. Екіншісінің денесі 35 пайыз күйіп қалған.

«Екеуі де жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр», - деп хабарлайды Жезқазған қалалық ауруханасының қабылдау бөлімінен.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін автобус тұтастай жанып кеткен. Мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Соңғы жаңалықтар