Жезқазған қаласының орталығында автокөлік отқа оранды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚАЗАҚПАРАТ - Жезқазған қаласының орталығында Tоyota маркалы автокөлік түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жезқазған қаласының Алашахан даңғылында Tоyota маркалы автокөлік өртенген. Оқиға дүйсенбі күні күндіз болған. Өрттің жалпы аумағы 6 шаршы метрді құрады. Өрттің алдын алуға 11 адам мен 3 техника жұмылдырылды.

«Өртті 10:53-те өшірдік. Оқиғаның алдын ала себебі анықталып жатыр», - деді облыстық ТЖД өкілдері.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде оқиға куәгерлері автокөліктің жанып жатқан суреттерін жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар