Жетісулықтар қазақ ертегілерінің құндылықтарын жаңғыртуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жетісулықтар қазақ ертегілері құндылықтарын насихаттауды қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында  Алматы облысының ҮЕҰ Консалтинг орталығы әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңкеде үздік болып  «Қуыршақ театры»  жобасы танылды. Аталмыш жоба  ұмыт болып бара жатқан қазақ ертегілерінің  құндылықтарын жаңғырту, жаңарту мақсатында жүзеге асырылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  «Мүшелтой» балалар мен жасөспірімдер клубының жетекшісі Қыдырбаева Дания мәлімдеді.

«Мүшелтой» балалар мен жасөспірімдер клубы 2006 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Оның мақсаты балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Қазіргі таңда қуыршақ театрының қоржынында 10-ға жуық ертегілер бар. Клуб жетекшісіның айтуынша әр қойылатын қуыршақтар қойылымына ерекше дайындық пен ынта керек екендігін баяндады.

«Біздің клуб тек қойылымдар қоюмен шектелмейді. Сонымен қатар, қайырымдылық шараларымен де айналысады. Мәселен, аптасына бір рет ауруханадағы балалардың хал-жағдайын біліп, көңілдерін түрлі қойылымдармен көтеріп қайтамыз», - деді жоба жетекшісі.

Айта кетейік, конференция соңы «Алдар көсе» ертегісінің қойылымымен жалғасты.  

Соңғы жаңалықтар