Жетісулық түлектер ауылдастарына тамаша тарту жасады

None
None
  ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Бүгін Алакөл ауданындағы Көктұма орта мектебінің түлектері "Туған жер" бағдарламасына үлес қосты. 20 жылдық кездесуге жиналған олар, жерлестеріне ерекше тарту жасады. Ауылдастарына заманауи сахна сыйлады. Алакөл көлінің жағалауын мекендеген көктұмалықтар үшін бұл тамаша сый болды. Ашық аспан астындағы жаңа сахнада алғаш боп атақты айтыскер ақындар өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова,  Айтақын және Жандарбек Бұлғақовтар, Балғынбек Имашев, Серікзат Дүйсенғазин  сынды азулы алты ақын жыр жарыстырып, тойды тойға жалғады.

11 жыл бірге оқыған сыныптастарымен 20 жылдық кездесуге Алматы облысы  әкімнің  орынбасары  да келді. Жақсылық Омар білім шаңырағының 1997- жылғы түлегі. Әсерлі басқосуда аймақ басшысының сәлемін жеткізіп, әдемі тілек айтып, оқушы кездерін еске алысты. 
null

"Желкілдеп өсіп келе жатқанда 7-8 сыныпта тоқырау заманға тап болдық. Киетін киім, ішетін асқа зар болған уақыттар болған. Мектепте жылу жоқ, кітап жетіспеді. Ал үйлерде жарық жоқ. Барлығы қирап тұрды. Мектептің төбесінен жаңбыр тамбасын деп жігіттер жазғы демалысымызды төбе жамау жұмысына арнаған кездер болды", деген Жақсылық Омар бүгінгі жас толқынға барлық жағдай жасалып отырғанын жеткізді.  Тек  "оқыңдар" деп ағалық ақылын айтты. Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында  білім ордасына облыс әкімдігі "газель" автокөлігін сыйға тартты.
null

"Біздің Көктұма ауылы аудан орталығынан 70 шақырым алыста орналасқан. Бұрын оқушыларды жарыстарға такси жалдап жеткізіп жүрдік. Енді мына автокөлікпен Үшарал, Талдықорған, Алматыдағы білім , спорттық бәсекелерге алаңсыз жете аламыз. Бұл сыйлыққа ұжым болып ерекше қуанып тұрмыз", - деді мектеп директоры Алмагүл Қасымханова. 
null

Көктұма қазақ орта мектебі 80 жылдық тарихы бар қара шаңырақ. Мыңдаған шәкіртті самғатып ұшырған білім ордасы. Ал биыл 15 оқушы мектеп  бітірді.
null

Соңғы жаңалықтар