Жетісулық судьялар көп балалы отбасыларға қайырымдылық жасады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының судьялары Алғыс айту күнінде көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арнайы барып, көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, қамқорлықтарын көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот қызметкерлерінің  қайырымдылығына бөленгендердің бірі   9 баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана. Талдықорған қаласына қарасты Шайқорған елді мекенінде жалдамалы үйде күн кешкен жанұя  қажетті  азық-түлікпен қамтылды.

«Алғысым шексіз. 4 келілік кеспенің бес түрін, бір қап ұн, 5 келілік шемішкенің майы, шәй, күріш, қарақұмық, балаларыма тәттілер, бәрін алып келіпті.Менің бүгін кенжем 4 жасқа толып жатыр. Оны да құттықтап, қуанышымызды еселеді. Сот қызметкерлеріне алғыстан басқа айтарым жоқ», -деп  9 баланың анасы ағынан жарылды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің айтуынша, мұндай қайырымдылық тек Талдықорғанда ғана емес, бүкіл Алматы облысы бойынша жүргізіліп жатыр екен.

Соңғы жаңалықтар