Жетісу жеріндегі «Тамшыбұлақ» туристердің қызығушылығын арттыруда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының Қапал ауылындағы «Тамшыбұлақ» туристердің қызығушылығын арттыруда. Қайнар бұлақтың сұлулығын көріп, шипалы суынан дәм тату үшін  «Сакралды Қазақстан» экспедиция тобы бұл жерге арнайы барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, дертке дауа, жанға шипа іздегендер осы Тамшыбұлақтың суын ішіп, сырқатынан сауығып жатады екен. Тіпті бұлақтың әр бір бұрышының өзіндік емі  бар дейді.

 «Мәселен, бұлақтың үстінгі жағы көз ауруына өте пайдалы.  Ал енді бір бұрышы бауырға, бүйрекке, асқазанға жақсы.  Мұнда әсіресе  үлкен кісілер келеді. Осы жерден бұлақтың суын ішеді. Сонда емдік қасиеті жүреді деп айтады», - дейді Қапал ауылындағы мектептің мұғалімі Шынар Балатұрсынова.
null

Қайнар бұлақтың ерекше әсемдігі Ұлыбританияның әйгілі  саяхатшысы Томас Аткинсонды да  таңқалдырған. Олар  1848 жылы Қазақстанға келіп, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрін зерттеген. Сол кезде қазақ жерінде дүниеге келген тұңғыш ұлдарының есімін Алатау-Тамшыбұлақ деп қойған. Бүгінде бұл есім Англиядағы үлкен бір әулеттің тегіне айналып отыр.  Ал өткен жылы ғана Аткинсонның ұрпағы Тамшыбұлаққа арнайы келді. Сол кезде оның ұрпағы бұл жерге ерекше дайындықпен келгенін жеткізген.

«Бұл жер Алатау-Тамшыбұлақ атамыздың өмірге келген жері. Тамшыбұлақтың сұлулығы жайлы көп естідік. Бұл күнді асыға күттік. Тамшыбұлаққа ерекше дайындықпен келуді ұйғардық. Үстімізге арнайы  киімді  кидік. Мақсатымыз сол уақыттағы тарихты еске түсіру», - деген еді Т. Аткинсонның ұрпағы  Стив Браун. 
null

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы тапсырмаларды орындау мақсатында Алматы облысында бірнеше экспедиция сапарға шықты. Солардың бірі отандық БАҚ өкілдері мен блогерлерден құрылған топ. Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасы және облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған  «Сакральді Қазақстан» атты  топ
null

Қойлық және Сағабүйен көне қалашықтарында, Қапал ауылындағы Тамшыбұлақ қайнарында, ақын Сара музейі мен көне білім ордасы Мамания мектебінде болды.

Соңғы жаңалықтар