Жетісу университеті балалар үйінің 100-ден астам тәрбиеленушісін қонаққа шақырды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алғыс айту күніне орай жетісулық студенттер «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мереке сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қайырымдылық шарасы аясында 100-ден астам бала Жетісу мемлекеттік университетіне қонаққа келіп, ұстаздар мен тәлімгердің мейіріміне бөленді. Жастар өз күшімен концерттік бағдарлама дайындап, сыйлықтарын табыстады. Бұл игі дәстүрдің қолға алынғанына небәрі екі жыл болса да, балалар үйінің шәкірттері үлкен аға-әпкелеріне бауыр басып қалған. Себебі студенттер қауымы ай сайын ондағы балғындарды туған күндерімен құттықтап, қуантып тұрады.
null 

"Бізге ай сайын келіп,  сыйлықтарын береді, қуаныш сыйлайды. Біз оларды əрқашан асыға күтеміз.  Осындай мейірімді жандардың болғаны үшін шексіз алғысымызды білдіреміз", - деді «Айналайын» балалар үйінің тəрбиеленушісі Александра Белоносова.

Айта кету керек, Талдықорғандағы аталмыш әлеуметтік мекемеде 130-дан  астам бала тəрбиеленуде.

Соңғы жаңалықтар