Жетім балалар арасында қаракөздеріміздің көптігі жүрек ауыртады - Сапарбаев

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Үміт» сәбилер үйінің ұжымы мен балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы «Үміт» сәбилер үйіне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев барып, балалар ұжымын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Мұнда қазір 55 бала тәрбиеленіп жатыр. Балаларға медициналық ем көрсетіледі, оңалту жұмыстары жүргізіледі. Барлығы 23 баланы ата-анасы уақытша тапсырған. Ал 11-і - тастанды. Сәбилер үйінің бас дәрігері Қадірбек Иманбаевтың айтуынша, биыл 16 баланың ата-анасы сәбиінен бас тартқан.
null 

«Сәбилер үйінде бас бостандығынан айырылған, психикалық ауруына байланысты ем алып жатқан адамдардың балалары бар. Биыл монтисорри кабинеті ашылды. Моторикалық ми қызметтерін дамытуға арналған кабинетте педагогтар жұмыс істейді. Мамандары арнайы оқытылды. Бұған дейін туа бітті сал ауруы, Даун синдромына шалдыққандарды сауықтыру үшін Алматы, Астанаға жіберіп, жылына бір рет ем алатын едік. Қазір өз мамандарымыз үздіксіз жұмыс істеп, емдеу жүргізеді. Нәтиже де жақсы»,- деді Қадірбек Иманбаев.
null 

«Үміт» сәбилер үйімен жан-жақты танысып, балалардың жағдайын көрген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы концертті тамашалады.

null


Кейін ұжымға алғысын айтып, мерекемен құттықтады.

«Бұл балаларға сіздер әке-шеше болып, бойларыңыздағы жігерлеріңізді, денсаулықтарыңызды жұмсап, тәрбие беріп жүрсіздер. Жұмыстарыңыз жауапты, сауапты. Еңбектеріңіз Алладан, балалардан қайтады. Балалар үлкен азамат болса, сіздерге рахмет айтады. Тек қаракөз балалардың көп болғаны жүректі ауыртады», - деді Бердібек Сапарбаев.
null 

null

null 

Айта кетейік, «Үміт» сәбилер үйінде 0-4 жас аралығындағы балалар тәрбиеленеді. Кейін сал ауруына шалдыққандар «Жайна» оңалту орталығына жіберіліп, кейбірі психо-неврологиялық диспансерге барады. Көбін баласы жоқ адамдар асырап алады. Балалар патронаттық тәрбиеге, қамқоршылыққа беріледі.  Биыл 12 баланы қазақстандық отбасы, біреуін испан елінің азаматы асырап алды. Жалпы «Үміт» сәбилер үйіне 68 бала түсті. Өкінішке қарай, сәбилер үйіне келген балалар саны артып отыр.

Соңғы жаңалықтар