Жеті жарым сағаттық деректі фильм «Оскар» сыйлығын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық футболдың кәсіби ойыншысы және актер О.Джей Симпсон туралы түсірілген «О. Джей: Америкада жасалған» картинасы «Үздік деректі толықметражды фильм» номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығын алды, деп жазды Gazeta.ru.

Фильмнің ұзақтығы 7,5 сағатты құрайды. Осылайша, ол «Оскар» алған ең ұзақ фильм ретінде тарихта қалды.

Бұл сыйлық үшін «От ішіндегі теңіз», «Мен негр емеспін», «Анимацияланған өмір» және «Он үшінші» фильмдері таласқа түскен еді.

Американың Кинематографиялық Өнер және Ғылым Академиясы ның 89-шы Оскар сыйлығын тапсыру рәсімі Лос-Анджелесте «Долби» театрында өтіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар