Жертөледе оқып келген оқушылар мәселесі толықтай шешілді - Қызылорда облысы

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жертөледе оқып келген оқушылар мәселесі толықтай шешілді. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық білім басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылорда облысы Жаңақорған кентіндегі №169 мектеп оқушылары жертөледе еңбек пәнін оқып жатқандығы БАҚ-та айтылған болатын.

Басқарма берген мәліметтерге сүйенсек, орын алған оқиға 2017-2018 оқу жылының басында анықталып, ол жөнінде тиісті жұмыстар жүргізілген.

Қазіргі таңда мектептің оқушылары барлық пәндерді мектептің тиісті кабинеттерінде оқуда. Айта кететін бір жайт, аталған мектептің құрылысы салуға қажетті ғимараттар қатарына енгізіліп, алдағы уақытта білім беру ұйымы жаңа мектепке көшетін болады.

Жалпы Жаңақорған ауданы бойынша 2017 жылы 2 мектеп ғимаратының құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілсе, үстіміздегі жылы пайдалануға берілгелі тұрған 4 мектеп бар.

Соңғы жаңалықтар