Жергілікті полиция басшысы жезөкшелерді қалай қуғандарын айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қала тұрғындарының алдында есеп берген Астана қалалық Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің басшысына қала тұрғыны «Жеңіл жүрісі қыздармен күрес жүргізіле ме?» деген сұрақ қойды.

«Менің сұрағым Астана қаласының теміржол вокзалы мен «Дəулет» дүкенінің жанындағы жағдайға қатысты. Мені бəрі түсінген шығар... Елордасы Астананың кіреберісінде саған телефон сатып ал, пəтер жалдап ал, бір сағатқа қыз жалдап ал деген қызметтерді ұсынғаны теріс қой. Осы мəселені шешіп берсеңіздер, жақсы болар еді»,-деді қала тұрғыны.

Бұл сұраққа қатысты Бақытжан Малыбаев  Астанадағы  «түнгі көбелектермен» алты жылдан бері күресіп келе жатқанын айтты.

«Осы жұмысты алты жылдан бері жүргізіп келеміз. Əрине, жезөкшелікті түбімен құрттық деп айта алмаймын. Алайда, бұрын жеңіл жүрісті əйелдер Бөгенбай батыр даңғылында тұратын, ол жерден қудық. Сосын «түнгі көбелектер» Бейбітшілік көшесіне барып алды, одан да қудық, кейін олар көлікпен жүріп «сауда» жасайтын болды, көліктерін қуып едік, енді пəтер жалдауға көшті. Заңның 450-бабы бар, яғни жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жайды жалға бергендер жазаланады. Бірақ, бұны дәлелдеу өте қиын. Ал пəтерлерін жалға беретін кəсіпкер тіркелген болса, ештеңе істей алмаймыз. Сондықтан, бұл заңсыздықпен қоғам болып күресу керек»,-деді Б.Малыбаев.

Соңғы жаңалықтар