Жердің электрондық кадастры енгізіледі - Асқар Мырзаxметов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзаxметовтың айтуынша, цифрландыру шаралары аясында жер кадастрын да электрондық үлгіге ауыстыру жоспарланған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күні кеше біз «Жер кодексі туралы» Заң жобасының қорытындысын таныстырғанда ауылды жерлерді интернетпен қамту мәселесін көтердік. Бүгінде нақты көрсеткіштерді анықтау қажет. Соның негізінде аталған Заң жобасына жердің электрондық кадастрын енгізу мерзімін енгізетін боламыз», - деді Мырзаxметов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Бүгінде министрлік ауылды жерлерге интернетті тарту аясында астық қолxаттарын енгізу жұмыстарын бастап кетті. Аталған бастаманың тиімді тұстары баршылық. Алайда барлық ауылды жерлерде кең жолақты интернет болмағандықтан, жаңа жүйені жаппай тарату мүмкін болмай отыр.

Жалпы, барлық ауылдар ғаламторда қосылса, жергілікті xалық мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде алып қана қоймай, электрондық сауда-саттықпен де айналыса алады. Бұдан бөлек, білім беру мен денсаулық сақтаудың қызметтерін үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік бар.

Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ауылдарды кең жолақты интернетке қосу жоспарын жариялады .  Үкімет басшысы мемлекеттік маңызы бар осы міндетті уақытында орындауды тапсырды . 

Соңғы жаңалықтар