Жерді тиімді пайдалану алғашқы бес жылда жыл сайын тексеріледі - ҚР АШМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер пайдалануды реттеу бойынша Парламент Мәжілісінің қаралымында жатқан заң жобасында жерді тиімді пайдалану шарттары қатаң қарастырылған. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР АШМ Жер  ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Гүлжахан Бимендина мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Әрине, жердің тиімді пайдаланылуын қадағалауға жергілікті атқарушы органдар жауапты. Барлық аудандарда, аймақтарда жер инспекторлары бар. Жердің пайдаланылуы әр уақытта бақыланып отырады. Өйткені, жерді жалға беру - жергілікті атқарушы органдарда аудандардың құзыретінде. Яғни, конкурсты (аудандар-авт) өздері ұйымдастырады», - дейді ол.

Гүлжахан Бимендинаның айтуынша, осы норманың ішіне типтік келісім енгізіліп отыр.

«Ол бойынша жердің тиімді пайдалануын жер инспекторлары бақылайды. Сондықтан, мораторийде қарастырылғандай, бірінші бес жылда жердің тиімді пайдаланылуы жыл сайын тексеріледі. Заң жобасында жерді тиімді пайдалану қатаң қарастырылған», - деп мәлім етті ол.

Соңғы жаңалықтар