Жерді ешкім арқалап әкетпейді - ҚР Президенті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Отандық бұқаралық ақпарат құралдарына сұxбат берген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жерді өз азаматтарымызға жеке меншікке берудің қажеттілігі жайында айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақтың жеріне жаны ашитын екі қазақ болса, екеуінің бірі мен шығармын. Себебі шекарамызды шегелеген кезде 14 мың шақырымның әр метрі үшін күрестік. Ешкімге ештеңені бермеу үшін, берсек, дәл сондайды алу үшін... Сондықтан жерді ешкім арқалап әкетпейді. Мен білемін ол қорқыныш-үрейдің қайдан шығып жатқанын. «Көршілер жерді алып кетпей ме, өйтпей ме, бүйтпей ме» дейді. Жерді машинаға, я болмаса, вагонға тиеп, ешкім алып кетпейді. Бұл - Қазақстанның жері. Қазақстаннның заңдары да бар. Оған сәйкес, басқа адамдарға жерді сатуға рұқсат жоқ. Сондықтан қазір өз азаматтарымызға жекеменшік құқығын берсек, алайда соның өзін алатындар жоқ болып тұр ғой, әлі де бизнес қатты құлшыныс танытып жатқан жоқ», - дейді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Батыс елдерінде ауыл шаруашылығы саласында жерге жекеменшік құқығы кеңінен тараған. Себебі өз кәсібін дамытамын дейтін инвестор алдымен жеке меншігі үшін алаңдайды, ол меншіктің мемлекет тарапынан қорғалуын талап етеді.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жер саласындағы реформаның тиімділігін қарапайым мысалмен түсіндіріп берді.

Соңғы жаңалықтар