Жерде және ғарышта ХҒС экипажын алмастыруға дайындық жүріп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желтоқсанның ортасына қарай Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) экипажын ауыстыру жоспарлануда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Роскосмостың ақпаратына сәйкес, «Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясының Бас конструкторлары кеңесі 2017 жылғы 14 желтоқсанда «Союз МС-05» басқарылатын кемесінің Сергей Рязанский, Рэндолф Брезник, Паоло Несполилерден құралған ХҒС-52/53 экипажын қайтару және  2017 жылғы 17 желтоқсанда Байқоңырдан Роскосмос ғарышкері Антон Шкаплеров, NASA астронавты Скотт Тингл және JAXA астронавты Норишиге Канаиден құралған ХҒС-54/55 экипажын стансаға шығару туралы ұсынысты мақұлдады.

2017 жылғы 17 желтоқсанға жоспарланған «Союз МС-05» басқарылатын көлік кемесін қондыруға, сондай-ақ 2017 жылғы 17 желтоқсанға жоспарланған «Союз МС-07» басқарылатын көлік кемесін орбитаға шығаруға баллистикалық шарттарды қалыптастыру үшін халықаралық ғарыш стансасының орбитасын коррекциялау жүргізілді, яғни орбитасы түзетілді, деп хабарлайды Ұшуды басқару орталығының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар