Жер жыртып жүрген тракторшы салмағы 100 келі бомба тауып алды

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Приморье құтқарушылары  жер жыртып жүрген тракторшы  тауып алған  салмағы 100 келі авиабомбаны  жойды.

 Бұл туралы Ресей ТЖМ Амур құтқару орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

«Сенбі күні Ресей ТЖМ Амур құтқару орталығының құтқарушылар тобы  пиротехникалық және жару жұмыстары арқылы Приморье өлкесіндегі Воздвиженка стансасы мен Степное елді мекені арасындағы егістіктен табылған жарықшақты-фугасты авиациялық бомбаны залалсыздандырды»,-делінген хабарламада.

Авиабомбаны жою үшін мамандар бастырма оқтамды тротилді  пайдаланған. Бұл жерде бұрын әскери полигон болған.

Оқ-дәрі табылған  аумақ қоршалып, полиция жасағы қойылды.

Жергілікті тұрғындарға қауіпті зат туралы хабарланып, сақтық шараларын сақтау қажеттігі ескертілді.

Соңғы жаңалықтар