Жер учаскелері қай облыста беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жайы қаралды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, бүгінде 70 мыңнан астам жер учаскесіне инженерлік желі тартылды. Соның ішінде 54 мың учаске бұрын берілген жерлер болса, қалған 16 мың жер телімі - жаңадан жабдықталғандар. «Жер учаскелердің басым бөлігі екі облыста таратылады. Маңғыстау облысында 15 мың жер телімі берілсе,  Ақтөбе облысында 11 мың учаскені кезекте тұрған азаматтарға тарату жоспарланған», - деп атап көрсетті Ж.Қасымбек. 
null 

Айта кетейік, Үкімет отырысы барысында Жеңіс Қасымбек биыл пайдалануға берілетін арендалық пәтерлердің санын да жариялады. 
null 

Соңғы жаңалықтар