Жер сілкінісінен қаңырап қалған Мехико аудандарына 15 мың полицей жіберілді

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Жер сілкінісінен кейін Мехиконың қаңырап қалған аудандарына қосымша 18 мың полицей жіберілді. Олардың міндеті - тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жолдарды бақылау, деп жазады iz.ru.

«Электр энергиясы және жол қозғалысы толық қалпына келгенше біз осы жерлерде боламыз»,- деді полиция ведомствосының басшысы Хирам Альмейда.

Естеріңізге сала кетейік, 1 ақпанда (жергілікті уақытпен 16 ақпан) Мексиканың оңтүстігіндегі Оахака штатында магнитудасы 7,5-ке жеткен қуатты жер сілкінісі болды.

Елдегі 1 миллионнан астам адам электр қуатынсыз қалған, оның ішінде Мексика астанасының тұрғындары да бар. 

Соңғы жаңалықтар