Жеңіс Нұрғалиев: Ветеринария мәселесі бітпейтін жырға айналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мал шаруашылығындағы ветеринария мәселелерінде заңнамалық тұрғыда түйткілдер бар. Бұл туралы Парламент Сенатында агроөнеркәсіп кешені талқыланған дөңгелек үстелде Сенаттың аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Жеңіс Нұрғалиев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Мал шаруашылығы мен ветеринария... Мемлекет басшысы жүктеген міндетке сәйкес, ауыл шаруашылығының басым бағыттарының бірі - етті мал шаруашылығы мен қой шаруашылығы болуы керек. Осыған байланысты, ет экспортын арттыру бағдарламасын қайта қолға алу маңызды деп білеміз. Мал шаруашылығы туралы сөз сөйлеген кезде ветеринарияны айналып өтуге болмайды. Себебі, мал шаруашылығын ветеринариямен қамтамасыз етумен ғана алдағы мақсаттарды орындауға болады», - дейді комитет төрағасы.

Жеңіс Нұрғалиевтың айтуынша, ветеринарияға келгенде заңнамалық тұрғыда сұрақтар бар.

«Өкінішке қарай, ветеринария саласындағы мәселелер бітпейтін жырға айналып бара жатыр. Атап айтқанда, заңнамалық тұрғыда... Ветеринария туралы қазіргі қолданыстағы заңда жергілікті атқарушы органдар карантиндік аурулар анықталған жағдайда шұғыл шешім қабылдайтындай нормалар қарастырылмаған», - дейді ол.

Оның айтуынша, бұған дейін ветеринариялық мәселелер туралы жиын өтіп, біршама кеңес берілген.

«Осыған байланысты ветеринарлық қауіпсіздік агроөнеркәсіптік кешендегі өткір мәселелердің бірі болып отыр», - деп түйді Жеңіс Нұрғалиев.

Соңғы жаңалықтар