Жеңіс Қасымбек ТКШ нысандарын концессияға көшіруді ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын концессияға кезең-кезеңмен көшіру қажет. Мұндай ұсынысты  бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің алдымызда маңызды міндет - сумен жабдықтау саласына бюджеттен тыс қаражат тарту, оның тиімділігін арттыру мен бюджетке тәуелділікті төмендету тұр. Сумен жабдықтау секторын дамытудағы халықаралық тәжірибе талдауы оған жеке капиталдың қатысуы тиімді болатынын көрсетті. Министрлік барлық өңірлермен және ЕҚДБ-мен бірлесіп коммуналдық инфрақұрылымды дамытудағы барлық ықтимал тәуекелдер мен тәжірибені есепке ала отырып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын концессияға кезең-кезеңмен көшіруді ұсынады», - деді Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, барлық өңірлер бойынша мемлекеттік-жекешелік серіктестіктің түрлі формаларын енгізу үшін 39 ілкі жоба іріктелген. Ең маңызды жобалар - Қызылорда мен Ақтөбе қалаларының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын сенімді басқаруға көшіру.  Ол Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, Маңғыстау облысындағы суды тұщыту зауытының құрылысы концессиялық жобаға жатады. Қазір конкурстық рәсімдер жүріп жатыр.

«Саланың дамуына жеке капиталды тартудың маңыздылығы мен перспективаларын ескере отырып, әкімдіктер ілкі жобаларды ойдағыдай іске асыру үшін бар күш-жігерлерін салулары қажет және осы тәжірибені барлық тұрғын үй-коммуналдық секторында қолдану керек»,-  деді ол.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінде еліміздің елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналған парламенттік тыңдау өтті. Шараға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов, Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Инвестициялар және даму министі Жеңіс Қасымбек, мүдделі мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар