Жеңіс Қасымбек «Технам 2002» ұшағының апатына қатысты түсінік берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Алматы маңында «Технам 2002» ұшағының апатқа ұшырауының алдын ала себебін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Комиссия жұмысының ең аз мерзімі бір ай шамасында болады. Алдын ала мәліметтер бойынша шынымен де (апат кезінде) ауа ағындары болған. Бізде Азаматтық авиация академиясы пайдаланып жүрген аэродромның орналасуына қатысты сұрақтар туындап отыр. Өйткені тексеру шараларының нәтижесінде аталған ауа ағындары үнемі қайталанып тұратындығы анықталды. Бұл тұрғыда таудың жақындығы және басқа да мәселелер ескеріліп отыр. Бұлар жеңіл моторлы ұшақтар ғой»,-деді министр Үкіметте тілшілер сауалына жауап беру кезінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 10 тамызда  Алматыға жақын маңда «Технам 2002» ұшағы құлап, екі адам ( ұшқыш-нұсқаушы, курсант) қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша сағат 09.53-те оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау кезінде  ұшып шыққан «Технам 2002» әуе кемесі Азем айлағынан 2 км қашықтыққа құлаған.

Ұшақ Азаматтық авиация академиясына тиесілі. Әуе кемесі енді ұшып бара жатып құлаған. Соның салдарынан ұшақ өртеніп, толықтай қирады.

Соңғы жаңалықтар