Жеңіс Қасымбек депутаттардан қаржы сұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек 2022 жылға қарай жергілікті жолдардың 85 пайызын жөндемек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылғы бюджетті нақтылау аясында депутаттардан облыстардың жергілікті автомобиль жолдарын дамыту үшін трансферт түрінде қосымша ақша бөлуге қолдау көрсетуді өтінеміз. Бүгінде шамамен 80-нен 90 млрд теңгеге дейін қаржыландырылады. Ал біз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл соманы 150 млрд теңгеге дейін жеткізгіміз келеді. Қазіргі уақытта әкімдермен тепе-тең негізде 60 млрд теңге қаржы іздестірудеміз», - деді министр халықпен есептік кездесуі барысында.

Оның айтуынша, бұл қаржы жыл сайын 4 мың шақырым жергілікті маңызды жолдарды жөндеуге жеткілікті.

«Бұл жолдардың сапасын жақсартуға септігін тигізеді. Біз 2020-2022 жылдары жергілікті жолдардың 85 пайызын қанағаттанарлық және жақсы күйге жеткізуді жоспарлаудамыз», - деді Жеңіс Қасымбек.

Соңғы жаңалықтар