Жеңіс Қасымбек БАӘ бизнесіне Қазақстанда өндірістерді құру туралы ұсыныс жасады

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбек Біріккен Араб Әмірліктері бизнесіне Қазақстан аумағында өндірістерді құру туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болып табылады, онда 180 млн. адамды қамтитын кедендік шекарасыз бірыңғай нарық жұмыс істеуде. Сонымен қатар оның сыртқы сауда айналымы 1 трлн. АҚШ долларын құрап отыр», - деді Қасымбек Қазақстан-БАӘ бизнес-форумында.

Мұнымен қоса  министр Қазақстан бүгінде ең үлкен нарықтың бірі болып саналатын Қытаймен көршілес орналасқанын еске салып өтті.

«Елімізде бизнесті жүргізу үшін бәсекелестік жағдайларды ескере отырып, Қазақстан аумағында өндірістерді орналастыру мүмкіндігін ұсынамыз. Осы орайда бұл өндірістердің өнімдерін ЕО-ның, Қытайдың, Орталық Азия елдерінің, Таяу Шығыстың үлкен нарықтарына шығаруға болады», - деп түсіндірді Жеңіс Қасымбек БАӘ кәсіпкерлеріне.

Бизнес-форумға Біріккен Араб Әмірліктерінің 60-қа жуық компаниялары өкілдерінің және Қазақстанның 250-ден астам кәсіпкері қатысуда.

Оның атап өтуінше, 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы көлемі үш есеге артты . 

«Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта Қазақстанға БАӘ-нің тікелей инвестициясы 2 млрд. АҚШ долларына жетті. Сонымен қатар Қазақстан БАӘ экономикасына 900 миллионнан астам АҚШ долларын инвестициялады. Бүгінде Әмірліктер бизнесінің қатысуымен елімізде бірлескен 200-ге тарта кәсіпорын жұмыс істеуде», - деп нақтылады министр.

Соңғы жаңалықтар