«Жеңіс - барлығымызға біреу!» медиаэкспедициясы Көкшетауда болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ресейлік «Жеңіс - барлығымызға біреу!» медиаэкспедициясы Көкшетауда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, 17  сәуір күні Ресейдің Нижневартовск қаласынан «Жеңіс - барлығымызға біреу!» медиаэкспедициясы бастау алған болатын. Осымен 7-ші рет ұйымдастырылып отырған экспедицияда Ресейдің округтік жастар парламентінің мүшелері  бес "ГАЗ-20"  және "Победа" көліктерінен құрылған кортежбен ресейдің бірнеше қалаларын аралап, сәуірдің 20-ы күні Петропавлда болды. Бүгін Көкшетауға ат басын бұрып, соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлерімен кездесті. Сондай-ақ, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

null

Аталмыш шараны ұйымдастырушы Николай Заболтневтің айтуынша, экспедиция мамырдың 9-на дейін үш апта бойы Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің бірқатар қалаларында болып қайтпақ.

«ТМД елдерінде соғыс қатысқан көптеген ардагерлер тұрады. Бүгінгі шараның мақсаты - сол соғыс ардагерлері туралы мағлұматтар жинау», дейді Николай Заболтнев.

Айта кету керек, аталмыш шараға Көкшетаудағы жергілікті бизнес құрылымдардың өкілдері де қол ұшын созды. Соның бірі,ағаштан әшекейленіп ойылған жиһаздар мен қазақ халқының ұлттық нақыштағы тұрмыстық және жәдігерлік бұйымдарын жасаумен айналысатын «Блэк» ЖШС өкілдері халықаралық автошеруді ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, естелік сыйлық тапсырды.

«Біз үшін бұл айтулы оқиға. Біздердің жерлестеріміз, аталарымыз, әжелеріміз майдан үшін еңбек етті. Солардың ерліктері мен маңдай тері, жеңіске деген жігерлерінің арқасында ортақ жеңіске қол жеткіздік. Бүгін солардың арқасында экономикасы гүлденген, Тәуелсіз елде бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан, осындай оқиғаға байланысты ұйымдастырылып отырған шараға азда болса өз үлесімізді қосқымыз келеді», деп атап өтті "БЛЭК" ЖШС-ның атқарушы директоры Роман Никитенко.

Соңғы жаңалықтар