Жеңіл атлеттеріміз жабық кешендегі Азия ойындарында ел қоржынына 6 медаль салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жеңіл атлеттер Ашхабад қаласында өтіп жатқан жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарында сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әйелдер арасында 60 метрге жүгіруде Виктория Зябкина 7.32 секундтық нәтижемен алтын, Ольга Сафронова (7.43 секунд) қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, әйелдер арасында 400 метрге жүгіру сынында отандасымыз Елена Микина алдына жан салмады. Елена 53.37 секундтық нәтижемен жеңімпаз атанды. Ал ерлер арасындағы бәсекеде Михаил Литвин (46.51 секунд) үшінші орынды қанағат тұтты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ольга Рыпакова мен Мария Овчинникова әйелдер арасында үш қарғып секіруден 1 алтын, 1 күміс медаль еншілеген болатын.

null 

null 

Соңғы жаңалықтар