Женевада сирияаралық келіссөздер басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Женевада сирияаралық келіссөздер қайта жанданды, төртінші кезең қатысушылардың БҰҰ Сирия жөніндегі арнайы елшісі Стаффан де Мистурамен қостарапты кездесулерінен басталды, деп хабарлайды РИА Новости.

Бір жылдық үзіліс және Астанадағы жаңа келіссөз алаңы пайда болғаннан кейін өтіп жатқан кездесудің басты тақырыбы Сирияда жаңа үкімет құру, ел конституциясының жаңа жобалары мен сайлау өткізу  болмақ.

Женевадағы талқылаудың форматы ресми түрде жарияланбады. Оппозиция талап еткендей, тікелей кездесулер бола ма, әлде арнайы елші әрқайсысымен жеке кездесіп, аралық дипломатия тәжірибесін жалғастыра ма, белгісіз. Де Мистураның өзі жақында болған баспасөз мәслихатында өз кестесін, тіпті бейсенбі күнгі жоспарларын жарияламады. Оның айтуынша, бүгінгі күннің бірінші жартысында делегациялармен кездескеннен соң, формат мәселесін шешеді.

Сонымен бірге, келіссөздер ұйымдастырушыларына жақын ақпарат көзі РИА Новости агенттігіне бүгін 15:00-де (Астана уақытымен 20:00-де) келіссөздер қатысушыларының де Мистура алғысөзіне жиналатынын хабарлады. Оған Сирияға қолдау көрсететін халықаралық топқа мүше мемлекет өкілдері де келуі мүмкін.  

Соңғы жаңалықтар