Женевада Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған фотокөрме өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Кеше, 5 желтоқсанда Женева қаласындағы БҰҰ Ұлттар Сарайында  ҚР Тәуелсіздік күніне және еліміздің БҰҰ-ға мүшелігінің 25 жылдығын атап өту бойынша іс-шаралар аясында «Қазақстан - Ұлы Дала елі» тақырыбындағы фотокөрме ашылды. 

Аталмыш көрмені Қазақстанның Тұрақты өкілдігі мен швейцариялық Ибрахим Кодра қоры бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды  ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

 Ашылу салтанатында Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова және БҰҰ мәдениет бойынша комитетінің төрағасы Франческо Пизано сөз сөйледі. Сонымен қатар, іс-шараға Женевада аккредиттелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, жергілікті іскер топ  және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

null 

Іс-шараның басты мақсаты Қазақстанның алуан түрлілігін, табиғи сұлулығын және ауқымды әлеуетін көрсету, сондай-ақ еліміздің қайталанбас жерлеріне қызығушылық тудыру болып табылады. Атап айтқанда, көрме қонақтарына еліміздің ірі қалаларының тартымды тұстары, мәдени және тарихи ескерткіштері, бірегей және сирек кездесетін табиғатымыздың, сондай-ақ салт-дәстүрлеріміз бейнеленген алпысқа жуық фотосуреттер ұсынылды.

Бұл жұмыстардың авторлары - Арман Байсадықов, Қарлығаш Бөкенова, Марлен Ибраев, Оспан Әли, Жәкен Таймағамбетов, Эльмира Әбдірахимова сияқты елімізге танымал фотосуретшілер.

null 

Фотокөрме 2017 жылғы 15 желтоқсанға дейін жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар