Женевада Қазақстандағы мүгедектер құқығын қорғау мәселесі талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова бастаған Қазақстан делегациясы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің (БҰҰ АҚЖК) 37-сессиясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

С. Жақыпова мүгедектер құқықтары мәселесі бойынша БҰҰ Арнайы баяндамашысы Каталина Девандас-Агилярдың интерактивті диалогы шеңберінде сөз сөйледі. Диалог барысында сарапшының 2017 жылғы қыркүйектегі Қазақстанға сапары нәтижесі бойынша дайындаған баяндамасы ұсынылды. Бұл құжат еңбек және әлеуметтік қамту, инклюзивті білімді енгізу, сайлау құқықтарын жүзеге асыру, құқықтық көмектің қол жетімділігі, сонымен қатар, еліміздегі мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүмкіндіктері мен құқықтарын әрі қарай ұлғайту бойынша сарапшы ұсыныстары сияқты Қазақстандағы басты әлеуметтік салалардағы мүгедектігі бар тұлғалардың жағдайын кешендік және жан-жақты талдауды қамтиды.

Арнайы баяндамашы Каталина Девандас-Агиляр Қазақстан Үкіметіне шақырғандығы және оның мандатымен тығыз ынтымақтастық үшін алғыс білдірді. 2015 жылы ратификацияланған Мүгедектер құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясы шеңбергіндегі міндеттерді орындаудағы мемлекеттің өсіп келе жатқан бейілдігі ескерілді. Өз кезегінде, министрдің орынбасары сарапшы баяндамасына жасалған Қазақстан Үкіметінің түсініктемелерін ұсынып, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттің әрі қарай қадамдары туралы сипаттады.

Сол күні Женевадағы Қазақстанның тұрақты өкілдігі Каталина Девандас-Агилярмен бірлесіп, Адам құқықтары жөніндегі кеңесrе мүше мемлекеттер мен байқаушы делегациялар, сонымен қатар халықаралық үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар үшін Конвенцияны имплементациялау бойынша Қазақстанның тәжірибесіне арналған іс-шара өткізді.

Шарада Мүгедектер құқықтары жөніндегі БҰҰ комитетінің төрағасы Терезия Дегенер, Халықаралық мүгедектер альянсының адам құқықтары бойынша аға кеңесшісі Силвия Кван және «Шырақ мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестік басшысы, ҚР Үкіметі жанындағы мүгедектік істері бойынша үйлестіру кеңесінің мүшесі Ляззат Қалтаева сөз сөйледі.

Өз кезегінде, Женева қаласындағы БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі, елші Жанар Айтжанова қатысушыларға  Елбасының жаңа бес әлеуметтік бастамалары туралы хабарлап, оларды жүзеге асыру барысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарына ерекше назар аударылатындығы жөнінде атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар