Жемқорлықпен тұтқындалған шенеуніктерді олардың ата-анасынан да қатты уайымдаймын - Елбасы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жемқорлықпен тұтқындалған шенеуніктерді олардың ата-анасынан да қатты уайымдаймын. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізде барлық реформа қаржыландырумен қамтамасыз етілген. Триллиондаған теңге бөлінеді. Дегенмен, Есеп комитеті өткен жылы анықтаған қаржылық бұзушылықтар 163 млрд. теңгені құрады. 47 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 223-і тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Құқық қорғау органдарына көптеген материал берілді. Қайрат Қожамжаров, жемқорлық бойынша өткен жылы қанша адам жауапкершілікке тартылды?», - деп сұрады Мемлекет басшысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасынан.

«2900 лауазымды тұлға», - деп жауап берді Қожамжаров.

«Адам мемлекеттік қызметке келуі үшін барлық жерде байқау жүріп жатыр. Бір орынға бірнеше адам таласады. Мемлекеттік қызметте, мемлекетке жұмыс істеймін, мемлекетімді көтеремін деп келеді. Тәрбиелеп, «Болашақпен» жіберіп, кішкентай жұмысқа қойып, қадағалап, өсіресің, содан кейін барады да түрмеге түседі. Қандай өкінішті. Мен бұл адамдарды ата-аналарынан да қатты уайымдаймын. 2900 адам тергеуде отыр. Сонда да тоқтамайды»,- деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар