Жемқорлықпен күресу үшін мемлекеттік функциялардың бірқатары жеке секторға берілмек

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Салалық заңдардың жетілменгендігі, мемлекеттік және корпоративтік басқару ашықтығының жеткіліксіз болуы, шенеуніктің азаматпен бетпе-бет кездесуі, халықтың, соның ішінде мемлекеттік сектордың құқықтық мәдениетінің төмен деңгейі жемқорлыққа алып келеді.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері министрлігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов айтты.

«Бұл ретте, бірқатар мемлекеттік функцияларды мемлекеттік емес секторға - өзін-өзі реттейтін мекемелерге кезең-кезеңімен беру жұмыстары қолға алынатын болады», - деді ол.

Олардың  алғашқысы адами фактордың ықпалын барынша азайту және заманауи ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану болады. Нәтижесінде халыққа электронды форматта көрсетілетін қызметтер түрі артады.

Оның айтуынша, мемлекет пен қоғамның тығыз қарым-қатынасы ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алады. Еске салсақ, Қазақстанда 2015-2025 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы стратегия әзірленіп, жүзеге асырылуда. 

Соңғы жаңалықтар