Жемқорлыққа күдікті шенеуніктер үшін Атырау әкімі кешірім сұрады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп күдік келтіріліп отырған шенеуніктер үшін Атырау әкімі Серік Шапкенов кешірім сұрады. Бұл туралы қала басшысы бүгін өзінің Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша екі басшы туралы көп әңгіме тарап жатқандығын білемін. Қазіргі осы екі басшы да қамауда және олар сот шешімін күтіп отыр. Олардың қаншалықты шалыс қадам жасағанын сот айқындайды. Дегенмен мен қала тұрғындарынан тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы басшылардың құқық қорғау органы өкілдерінің назарына іліккені үшін кешірім сұраймын. Мұндай жағдай тікелей басшы ретінде маған абырой әкелмейтінін жақсы түсінемін. Біз өз арамызда сыбайлас жемқорлықпен байланысты заңсыз әрекеттерге жол бермеуге барымызды саламыз»,-деді С.Шапкенов Facebook әлеуметтік желісіндегі қала әкімдігінің парақшасында.

Соңғы жаңалықтар