Желідегі жүк көліктерінің текетіресіне қатысты видео өткен жылы Түркістанда түсірілген

None
None
ШЫМКЕНТ.ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында көмір тапшылығы жоқ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика басқармасына сілтеме жасап.

Желіде жүрген түркістандық жүк көліктерінің бір-бірін қағып өтіп, көмір кезегінде тұрған видеосы өткен жылдың қазан айында түсірілген. Бұл туралы аталмыш ведомство өкілдері айтты.

«Көмір тапшылығы жоқ, Түркістандағы көмір тұрмыстық-коммуналдық қажеттіліктерге арналған көмір қалдығы 1400 тоннаны құрайды. Бұл жергілікті тұрғындардың жылуға қолданып отырған көмірі»,-деді ведомство өкілдері.

«Көмір қоры облыстың басқа қалалары мен аудандарында да жеткілікті. Өңірге 261 вагон көмір келе жатыр. 40 вагоны келіп қойды, оның 21 вагоны тұрмыстық-коммуналдық , 19 вагоны энергетикалық қажеттіліктерге жұмсалады»,-деді басқарма мамандары.

Соңғы жаңалықтар