Желідегі ақаудың салдарынан Қарағанды мен оған жақын аймақтар сусыз қалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы магистральды желіде ірі апат болып, облыс орталығы тұрғындарының басым бөлігі және жақын маңдағы Ақтас ауылының азаматтары сусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қарағанды -Су» ЖШС-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«21 қаңтар күні таңғы сағат 7-00-де Қарағандыдағы магистральды желідегі қалыңдығы 800 мм болатын су жүретін құбырда апат болды. Желі Жамбыл, Әлиханов, көшелері мен орталық саябақтың аймағы арқылы өтеді. Соның салдарынан Жаңа қала, Михаиловка және Ақтас ауылдарына су беру шектелді»,-деді компанияның баспасөз қызметінің жетекшісі Марина Богдан. 


Қазіргі таңда апаттың салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр. «Қажетті техникамен және материалдармен қамтамасыз етілген арнайы бригада жұмылдырылды. Жұмыс жедел түрде жүріп жатыр. Алайда әзірге жөндеу жұмыстары қашан аяқталып, су бқашан жіберіле бастайтынын айту қиын»,-деді баспасөз қызметінің жетекшісі.

Компания таратқан мәліметтер бойынша, жөндеу жұмыстары аяқталғанша, сусыз қалған аудандарға су тасушы көліктер жөнелтілген.

Соңғы жаңалықтар