Желіде Трамптың жақтастары мен қарсыластары арасындағы жанжалдың видеосы пайда болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде АҚШ президенті Дональд Трамптың жақтастары мен қарсыластары арасындағы жанжалмен видео пайда болды, деп хабарлады РИА Новости Los Angeles Times басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Калифорния штаты Хантингтон-Бич қаласында орын алды. Қара бетперде киген белгісіз біреу қазіргі президентті қолдау акциясын ұйымдастырушының бетіне баллоннан бұрыш қосылған сұйықтық шашқан. Осыдан кейін Президенттің жақтастары мен қарсыластары арасында жанжал басталған.

Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті, оларды полиция ажыратты. Алты адам тұтқындалды, олар АҚШ президентіне қарсы лагерьден болып шықты, деп қосты басылым.

Бұл жанжал алғашқы жағдай емес. АҚШ президентінің ұлықтау рәсімінен бастап түрлі осыған ұқсас қақтығыстар байқалуда.

Соңғы жаңалықтар