Желіде Назарбаевтың тарихи видеосы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың Фейсбуктегі және Твиттердегі аккаунтында «Қазақстан Республикасы Президентінің салтанатты ант беру рәсімі (Алматы қаласы, 1991 жылғы 10 желтоқсан)» атауымен фото мен видео жарияланды.

Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы ұлықтау рәсімі осыдан тура 25 жыл бұрын Алматы қаласында Республика сарайында өтті. Онда Мемлекет басшысы сайлауда 98,7% қолдаумен жеңіске жеткен. Екінші ұлықтау рәсімі Астанада 1999 жылғы 21 қаңтарда Конгресс-Холлда өткен. Ол кезде Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың  80% дауысын жинаған.

Үшінші ұлықтау рәсімі 2006 жылғы 11 қаңтарда Ақорда сарайында өтті. 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлау нәтижесі 91,15%-ды көрсетті.

Төртінші ұлықтау рәсімі 2011 жылғы 8 сәуірде өтті, онда Н. Назарбаев сайлаушылардың 95,55% дауысына ие болды.

 

Соңғы жаңалықтар