15:55, 22 Қаңтар 2017 | GMT +6
Желіде қазақстандық жұлдыздардың Универсиаданы қолдаған бейнеролигі жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - YouTube желісінде әншілер мен шоумендердің Алматыдағы қысқы Универсиаданы қолдауға арналған бейнеклипі жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Универсиада-2017 қолдауға арналған видео. Идея авторы Арслан Жұмаев. Музыка Кастаның «Сочиняй мечты» трегінен алынды», - деп жазылған.
Әнді танымал қазақстандық әнші Диана Шарапова, әнші, композитор Тұрар Рахымберлин және Роман Миронов, Кирилл Мейстер, Арслан Жұмаев сынды шоумендер орындаған.
Еске сала кетсек, 28-ші қысқы Универсиада ойындары Алматыда 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді.