Жексенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Тек оңтүстікте,  солтүстік батыста және орталықта жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің кей жерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік батыста шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с дейін, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

Жамбыл облысында түнде кей жерлерінде тұман, желдің 15-20, екпіні 23 м/с дейін күшеюі күтіледі.

Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде найзағай болады, кей жерлерде шаңды дауылмен қатар желдің 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшеюі күтіледі. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге жетеді, Атырау облысында екпіні 25 м/с болады.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түнде 1-6 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.

 

Соңғы жаңалықтар