Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -30 °С
Алматы: -12 °С
USD 324.27 EUR 398.27
RUB 5.73 CNY 50.68
Жаңалықтар

Жексенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болады

2018 жылғы 13 қаңтар 22:37 622
Поделиться:
Жексенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 14 қаңтарға ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде циклонның ықпалы сақталады. Сонымен байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады, таулы аудандарда, республиканың оңтүстік және оңтүстік шығысында қалың қар жауып, тұман, көктайғақ болады; жел күшейіп, бұрқасын болады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын болады, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

Алматы облысында тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с-ға дейін күшейеді.

Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысында тұман, бұрқасын күтіледі. Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, түнде және таңертен Ақтөбе облыстарының  кей жерлерінде тұман күтіледі.

 

 

 


Басты сөздер: Ауа райы, Қоғам, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат