Жексенбіде елдің басым бөлігінде найзағай күтіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 25 маусым күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың оңтүстік-батысының жекелеген аумақтарында тұман күтіледі. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлады.

Атап айтқанда, Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарының жекелеген жерлерінде найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей аумақтарында найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік  Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде, сондай-ақ найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жылдамдықтағы желдің екпіні 25 м/с күшеюі ықтимал.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай мен тұман болжанады.

Күндіз Алматы облысында, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Соңғы жаңалықтар