Жексенбіде елдің басым аумағында көктайғақ болып, тұман түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік шығыс, шығыс және орталығының кей жерлерінде жауын-шашын, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман сақталады.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман сақталады, көктайғақ болып, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 17-22 м/с-ға жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман сақталды.

Соңғы жаңалықтар