Жексенбі күні Қазақстанның 8 қаласында ауа сапасы төмендейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі, 18 наурыз күнгі метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 8 қаласында ауаның ластануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасай отырып.

Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Талдықорған, Тараз, Шымкент қалаларындағы метеорологиялық жағдайлар атмосферада зиянды заттардың қалыптасуына ықпал етеді.

Жайсыз метеорологиялық жағдайларға атмосфералық ауаның жерүсті қабатында зиянды заттардың қалыптасуына ықпал ететін қысқа мерзімдегі метеорологиялық жағдайлар (әлсіз жел, тұман, инверсия) жатады. Мұндай жағдай қалыптасқанда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы төмендейді.

Ауаның ластануын айқындайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайға (жел,жауын-шашын, қар, ылғалдылық, ауа температурасы) болжам жасау болып табылады.

Соңғы жаңалықтар