Жексенбі күні елдің басым бөлігінде қар жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні атмосфералық фронтальды ағымдардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігіне қар жауады. Тек шығыс, оңтүстік шығыста ғана қар жаумайды. Кей жерлерде тұман түсіп, боран соғып, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қызылорда, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Жамбыл облысында желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында боран соғып, тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Батыс Қазақстан, Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерге тұман түсіп, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін ұйытқиды.

Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында жел тұрады.

Соңғы жаңалықтар