Жексенбі күнге арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қыркүйек күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек батыста және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл араласқан жел тұрады.Түнде және таңертең кей өңірлерде тұман күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.

Маңғыстау, Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең жекелеген аудандарда тұман байқалады.

Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарының жекелеген аудандарында желдің күші 18 м/с жетеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерін түнде және таңертең тұман басады.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан  облыстарының кей аймақтарында температура бағамы 1-3 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында, Қарағанды,  Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар