Жекешелендіруден түскен қыруар қаржы Ұлттық қорға түсті ме

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жекешелендіруден түскен қыруар қаржыны Ұлттық қорға уақытында аударуды тапсырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыс барысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жекешелендіру бойынша есеп берді. Баяндама соңында Үкімет басшысы оған: "2017 жылы 108 млрд теңгеге 190 нысан сатылған. Елбасы бірнеше мәрте айтты, жекешелендіруден түскен қаржының барлығы Ұлттық қорға аударылуы қажет. 108 млрд Ұлттық қорға кетті ме? Жоқ, әлде сатылған жерде қалып қойды ма?", - деген сауалын жолдады.
null 

Қаржы министрі сәл бөгелгеннен кейін: "Бақытжан Әбдірұлы, ...республикалық меншіктегі сатылған нысандар бойынша барлық түскен ақша Ұлттық қорға жіберілген болатын. Ол - 7 млрд...5 млрд мына...Соңғы айда өткен...Осы қаңтар айында тағы 5 млрд Ұлттық қорға жіберілетін болады. Бірақ тиісті қаулы бар. Енді, ұлттық xолдингтермен проблема әлі бар. Тиісті Үкімет қаулысын қазір Ұлттық экономика министрлігі дайындап жатыр. Оны қабылдағаннан кейін қажетті шешімдер қосымша қабылданады", - деп атап көрсетті Бақыт Сұлтанов.

ҚР Премьер-Министрі жекешелендіруден түскен қаржыны Ұлттық қорға аудару туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау қажеттігіне баса назар аударды.
null 

Соңғы жаңалықтар