Жекенің қолына өткен жайылымдарды мемлекет 180 млрд теңгеге сатып алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елді мекен маңындағы жекенің қолына өтіп кеткен жайылым жерлерді мемлекет мұқтаждығына қайтару үшін 180 млрд теңге қажет. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутаттар назарына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасын ұсынған оның айтуынша, елді мекендердің маңындағы жеке және заңды тұлғаларға беріліп кеткен жайылымдарды қайтару үшін мемлекеттік мұқтажға жатқызылады.

«Біздің есептеуіміз және әкімдіктердің ұсыныстарына сәйкес қосымша 27 млн гектар жайылым қажет. Бүгінде елді мекендердің маңында 20 млн гектар жайылым бар. Ал жеке тұрғын үй құрылысына елді мекендер төңірегінен шамамен 173 мың гектар жер қажет», - деді ол.

Министрдің сөзіне қарағанда, жайылымның мұндай көлемі ұсақ малға 2, ірі қара малға 10, жылқыға 15 және түйеге 18 гектар жер қажет деп есептелінген.

«Егер барынша жоғары қажеттілік жайында айтар болсақ, онда жайылымдық жерді мемлекеттік мұқтаждыққа қайтару үшін шамамен 180 млрд, ал жеке тұрғын үй құрылысы қажеттігін қамтамасыз үшін шамамен 1 млрд теңге керек болады. Бұл сомалар республикалық бюджеттік комиссияда қарастырылған және біз мұны бюджетте ескеруіміз қажеттігі туралы шешім қабылданған. Бірақ, ол мәслихаттармен бірге әкімдіктердің сұраныс қажеттілігі бойынша бөлінеді», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Айта кетерлігі, отырыста сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңын қабылдаған болатын.

 

 

Соңғы жаңалықтар