Жеке қаражат есебінен 2 мыңнан астам балабақша ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жеке инвестициялар есебінен балабақша ашу ісі қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеке инвестицияларды тартудың жарқын мысалы ретінде Елбасының тапсырмасымен жүзеге асырылған «Балапан» бағдарламасын атап көрсетуге болады. Бағдарлама жүзеге асырылған сәттен бастап, жеке инвестициялар есебінен 2336 жеке балабақша мен шағын орталықтар ашылған», - деп деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, аталған бағдарламаны жүзеге асыру бойынша 7 жылда 900 млрд теңге бөлінген.

«Министрлік бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырады - Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтқан тапсырмаларына сәйкес, қала мектептерін бала санына қарай қаржыландыруды енгізу жоспарланып отыр. Өткен жылы Білім беру туралы Заңға жеке мектептерге мемлекеттік ілім беру тапсырыс енгізуге рұқсат беретін өзгерістер енгізілді», - деді вице-министр.

Атап өткен жөн, өткен аптада Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауы жарияланды. Президент Жолдаудың бір бөлімін адами капиталдың дамуына арнап, мұғалімдердің еңбекақысын көтеруді тапсырды. https://kaz.inform.kz/news/tortinshi-onerkasiptik-revolyuciya-zhagdayyndagy-damudyn-zhana-mumkindikteri-elbasy-zholdauy_a3118617

Соңғы жаңалықтар