Жазықсыз жанға жала жапқан полицей сотталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жергілікті полицияда бұрын қызмет еткен лейтенанттың бір жылға бас бостандығы шектелді. Оған дәлелдемелерді қолдан жасады деп айып тағылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының хабарлауынша, полиция қызметкеріне тағылған айып толықтай дәлелденді. Ол әйел кісіге көлікті масаң күйде жүргізгені үшін айыппұл салған. Тіпті, оны заңсыз түрде наркодиспансерге барып тексерілуге мәжбүр еткен.

«Оған қоса көлікті бірнеше метр жерге дейін заңсыз жүргізген. Бойжеткеннің үстінен мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына іс түсірген. Негізінде қыз бала есік алдындағы көлікте құрбысымен әңгімелесіп отырған екен. Сот құжаттарды сараптай келе бойжеткеннің ешқандай кінәсі жоқ екеніне көз жеткізді», деп жазылған хабарламада.   

Облыстық прокуратура жұмысына салғырттық жасаған полиция қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғау жөнінде шешім қабылдады. Ол бір жылға бас бостандығынан айырылды. Тұрғылықты жерінде арнайы бақылау орындарының назарында болады.

Әділжан Үмбет

Соңғы жаңалықтар