Жазушы Трумен Капоте мәйітінің өртелген күлі бәссаудада сатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық жазушы, драматург Турмен Капотенің мәйітінің өртелген күлі бәссаудада сатылды. Бұл туралы сенбіде мәлім болды, деп хабарлайды CNN.

Арна деректеріне сәйкес, сауда-саттық 24 қыркүйекте  Julien үйінде өтті. Лоттың бастапқы құны  6000 доллар болған, ал сауда-саттықта  45000 долларға сатылды. Оны алушының кім екені айтылмай отыр.

  Аукцион үйінің басшысы Даррен Джулиеннің айтуынша, Ресей, Германия, Қытай, АҚШ және Оңтүстік Америкадан қызығушылық танытқандар бар.  

Бұрын ол   жазушының жақын досы  Джонни Карсонның әйелі Джоан Карсонның иелігінде болған. Карсон 2005 жылы, зайыбы   2015 жылы көз жұмды.  Отбасылық жұптың барлық мүлкі, мәйітінің күлі бәссаудаға қойылды. 

Трумен Капоте 1924 жылы туған. Оның белгілі туындыларының бірі - «Тиффанидегі таңғы ас» новелласы. 1961 жылы ол осы атаумен фильм түсірді. Бұдан басқа, ол  «Басқа дауыс, басқа бөлмелер» және «Салқынқандылықпен адам өлтіру» романдарын, көптеген әңгімелер мен пьесалар жазған. Капоте 1984 жылы Карсонов үйінде көз жұмған.

Фото: Nancy Kaye / AP

Соңғы жаңалықтар